«Мопед жүргізетіндер мыжып кете жаздайды»

13 шiлде 2023, 14:34

 

Алматылықтар жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерінің үстінен әкімге шағымданды.

«Неге мопедтердің жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым сала алмайсыз? Арбатта жүруге болмайды, бірақ мұнда олар бар жылдамдықпен жүреді. Біздің баратын жеріміз жоқ. Біз олардан жолға шығуын сұраймыз, алайда олар мән бермейді. Полицейлер ештеңе істемейді», — деді Бостандық ауданының тұрғыны  шахар басшысымен кездесуде.

Қала  әкімі Ерболат Досаев мопед жүргізушілерін реттеу үшін заңнамалық нормалардың қабылдануының аяқталуын күту керек деп жауап берді.

«Электрсамокаттардың қозғалысы заң жүзінде реттелді. Келесі кезекте мопедшілер тұр. Бізде мопедтерге, электрсамокаттарға және жалпы қозғалтқышы 50 текше метрге дейінгі көліктерге қатысты келесі өзгертулер пакеті бар. Олар заң жүзінде көлік құралы ретінде танылған кезде оларға айыппұл салуға болады. Ал Арбат бойында – біз өтуге толық тыйым салдық. Мерзімді түрде Алмалы ауданында болғанымда түнде көлік жүргізеді деген өтініштер түседі, соған орай шара қолданамыз. Бұл мәселе барлығын мазалайды. Мопедпен негізінен азық-түлік таситын жұмысшылар жүретінін білесіздер. Олар жеткізуді, тапсырысты орындауға үлгеру үшін кез келген тәртіпті бұзуға дайын», — деді әкім.

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров мопед жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз жеткізу қызметімен бірлесе отырып, мопед жүргізушілеріне шара қолдануға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама әзірледік. Егер біздің қызметкерлер азық-түлікті жеткізу бөлігінде заңбұзушылықтарды анықтаса, атап айтқанда, 3-тен 5-ке дейін заңбұзушылықтар болса, бағдарлама бұғатталады, бұл оларға ықпал етудің бір түрі», — деді Полиция департаментінің басшысы.

Ерболат Досаевтың сөзінше, мәселені шешудің оңтайлы жолы – заңды шектеулер енгізу. Күзге дейін бұл мәселе шешімін табады.

 

JQ-Aqparat

 

 

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды