jasqazaq.kz

Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)

27 қантар, 15:00

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова былтыр министрлік жекеменшік мектептердегі мемлекеттік тапсырыстың заңдылығына жүргізілген аудиттің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Оның айтуынша, тексеріс барысында бірқатар өзекті мәселе анықталған. Атап айтқанда, көптеген жекеменшік білім беру ұйымдарында кадр тапшылығы байқалған, сондай-ақ білім беру сапасы мен мемлекеттік стандарттардың сақталуына қатысты кемшіліктер бар.

«Кадр жетіспеушілігі мәселесіне байланысты осы бағытқа ерекше назар аударамыз. Сонымен қатар білім беру сапасы мен стандарттардың қаншалықты сақталып жатқанына да мән береміз. Бұл салада олқылықтар бар. 2026 жылдан бастап Бас прокуратура мен уәкілетті органдар лицензиядан кейінгі бақылау жүргізетін болады», – деді министр.

Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептерге қойылатын негізгі талаптарды да атап өтті. Қазіргі уақытта олар үш басты шартқа сай болуы тиіс: білім беру сапасы, білікті кадрлардың болуы және балалардың қауіпсіздігі. Алайда кейбір жеке меншік мектептердің «Алтын белгі» иегері атанған оқушыларының білім деңгейі сәйкес болмай шыққан.

«Егер осы үш талап сақталса, лицензия өз күшінде қалады. Ал талаптар орындалмаған жағдайда лицензиядан кейінгі тексеру нәтижесінде уәкілетті органдар тиісті шешім қабылдайды. Ғимарат мәселесі де бар. Кейбір адамдар мектептерді монша немесе қойма ғимараттарында ашқан. Олар 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, соңғы бес жылда мемлекеттік тапсырыс алған. Біз мұндай заң бұзушылықтарды жоямыз», – деді министр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес