jasqazaq.kz

Моншада босанғалы отырған ана: Әкімдіктегілер бізді көрсе қаша жөнеледі

10 қараша 2017, 12:46

Алматы облысында көпбалалы отбасы адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр. Ысқақовтар әулеті алты жылдан бері біреудің моншасын паналап келеді,-деп жазды «Еуразия Бірінші» арнасының Басты жаңалықтары.

Дәл сол қуықтай бөлмеде төрт перзенті бірдей туылыпты. Сәл күнде жетінші сәбиі дүниеге келеді деп күтілуде. Бірақ, алтын құрсақ анадан жергілікті билік бір рет те хабар алмаған.

Қабырғасы құлаудың алдында тұрған моншаға шенеуніктер аяқ баспаған соң, Ысқақовтар біздің түсірілім тобымызды қонаққа шақырды.

Жамбыл ауылында Ысқақовтар отбасы десеңіз, дүйім жұрт танып, үйін көрсетеді. Ауладан кіре бергенімізде әкелі-бала отын жарып жүр. Бір жағы құлап тұрған нысанды көріп шошыдық.

Сөйтсек, біреудің қабырғасы сөгіліп, ширек ғасырға жуықтаған моншасы екен. Тар бөлме олардың ас ішетін де, жатар орны да. Ал, дастархандағы бір табақ етсіз макарон мен қара нан шиіттей бала-шағаның күнделікті тамағы. Оның өзі әкесі жұмысқа шықса ғана болады.

«Сосын барып келіп жұмыс істейміз. Күнде емес. 2-3 күн болса бір апта жоқ. әр жұмыс әр қалай. 01.16 ноябрьдің аяғы қар жаумаса жұмыс бар ғой. Одан кейін үш төрт ай жоқ», – алты баланың әкесі Жаңалық Ысқақов.

Ысқақовтар әулеті Қызылорда облысынан он жыл бұрын көшіп келіпті. Отағасы мүгедек болған соң, анау-мынау жұмысқа жарамсыз.

Сондықтан, ел қатарлы пәтер жалдауға шамалары жоқ. Тек жарығын төлеп осы моншаны паналап келеді. Оның өзіне алты жылдың жүзі болыпты. Сыз татқан бөлмеде төрт баласы туылып, жетіншісіне де ай күні жақындаған. Бесік қояр таппай отыр енді ана.

«Бесік болғанда мына жерге саламыз. Қабаттап салып үстіне салып қоямыз. Тербетеміз. Сөйтіп өсіріп», – «Күміс алқа» иегері Гүлбану Ысқақова.

Жамбыл ауылының әкімдігіне жағдайын сан рет айтып, сендіру үшін үйіне де шақырған Гүлбану Ысқақова. Алайда, қабырғасы қисайып құлаудың алдында тұрған моншаға баруға жүрексінді ме, әйтеуір бір шенді хабар алмайды дейді.

«Күміс алқа» бергенінде де, бір шоқ гүлі түгілі әкім мырза құттықтауға да жарамапты. Жылай-жылай көз жасы таусылған ана шенділердің жүрексіздігіне жаға ұстап отыр.

«Көмегі жоқ қой. Әкімің қашып жүр үйге келмейді. Күмістің берген 14 мың теңге. Алты баланы бақ дейді. Жете ма? Мысалы 14 мың теңгемен үкіметте отырғандар осындай жерде отырып баға алама менің айтатыным», – «Күміс алқа» иегері Гүлбану Ысқақова.

Көпбалалы әрі мүгедек отбасы жер кезегінде тұрмыз деген соң әкімдікке бардық. Бірақ, әкімдері облыстан Батталов мырза келіп, бізге уақыт таппады. Ал, екі сағат дайындаған жауапты мамандары екі сөздің басын әрең қосып, айтқандары осы.

«Оған әкімшілік қауқарсыз болғанда, оңған әкімшілік болғанда қалай енді, әкімшілік қауқарсыз болғанда кезек келгенде жер берілетін болады ғой. Бірақ қазір ондай жағдай қарастырылмаған», – Жамбыл ауылдық округінің жетекші маманы Әбдіғали Амангелдиев.

Сөйтіп, шенділер мүгедектер мен көпбалалы отбасылар үшін кезексіз беретін үкіметтің өзінде үй не жер жоқ деді. Әйтпесе, 86 орында тұр екен.

Ал, ауыл бойынша жағдайы төмен тағы 25 әулет бар көрінеді. Жаны жомарт кәсіпкерлерді атқамінерлер аттарына мініп жүріп өзіміз іздейміз деп отыр. Сондықтан, толғағы қысып жүрген келіншектің шақалағы жөні түзу үйге кіруі тағы беймәлім. Тек отбасықайырымды жандардан ғана үмітті.

stan.kz

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы