jasqazaq.kz

Монако комиссарын әуре — сарсаңға салған полицейлерге жаза

09 қараша 2016, 0:03

20161108203414

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Монако Князьдығының павильонына бас комиссар болып тағайындалған Джульен Селлариоға темекі тартпақ болған əрекеті үшін 120 еуро айыппұл салмақ болған екі полицей жұмысынан қуылды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабы — «Пара алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мəлім етті. «28 қазан күні көліктегі Ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына 26 қазаннан 27 қазанға қараған түні полиция қызметкерлері Астана əуежайында тыйым салынған жерде темекі шеккен Монако Князьдығының азаматын полиция бөліміне жеткізді. Бірақ, əкімшілік хаттама толтырмастан одан ақшалай сыйақы алып жібере салған. Дәл сол күні екі полицейге қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің «Пара алу» бабы бойынша сот алды тергеу басталды»-деді А.Садубаев. Оның хабарлауынша, қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісіне берілген. «Жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері шетелдік қонақтан пара алған екі полицейді анықтады. Тергеу жұмыстары аяқталған соң іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісіне берілді. Екі полицей жұмысынан қуылды, ал басшылығына ескерту жарияланды. Монако азаматы полицейлердің заңсыз əрекеті туралы 30 қазанда арыз түсірді»,-деп түсіндірді Ішкі істер министрлігінің өкілі. Бұрын хабарлағанымыздай, Астана халықаралық əуежайында екі полицей Монако Князьдығының азаматын түн ортасында темекі тартпақ болған әрекеті үшін ұстаған болатын.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету