jasqazaq.kz

Моңғолияда бүріктші қыздардың саны артып келеді

25 қазан 2017, 18:01


Моңғолиядағы қандастарымыз биыл күзгі бүркітшілер сайысын бастап кетті. Баян-Өлгий аймағының Алтай ауылында (сұмын) 22 қазан күні өткен «Алтын Алтай бүркіті» сайысында аталған ауылдың бүркітшісі Дәкерұлы Ром бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Baq.kz .

 

 

Түз тағысын түлеткен байқауға 30-ға жуық құсбегі қатысып, бүркітті баптау, аңға түсіру, бүркітті ұшыру, қолға қондыру, шырғаға шақыру қатарлы түрлі сынақтар болды.

Барлық сыннан сүрінбей өткен Дәкерұлы Ромның ақиығы алғашқы орыннан көрінсе, Сақсай ауылының бүркітшісі, асау үйретудің алғыры Жеңісбек Серікұлының бүркіті екінші орынға тұрақтады. Ал үшінші, төртінші, бесінші орындарды Гүлғайым Амантай, Әйгерім Әскер және Заманбол Талап қатарлы мектеп оқушыларының бүркіттері жеке-жеке иеленді.

Байқағандарыңыздай, биылғы бүркітшілер тойында Айшолпан Нұрғайыпқызынан басқа тағы да екі бүркітші қыздың есімі белгілі болды.

Айшолпан туралы “The Eagle Huntress” деректі фильмі жарыққа шыққалы бері Баян-Өлгийде бүркітшілікпен айналысатын қыздардың саны артқан. Қазіргі кезде аймақ көлеміндегі Алтай, Алтынцөгц, Бұғыты, Сақсай, Тұлба ауылдарында оннан астам қаракөз қарындасымыз бүркіт баптап, түрлі сайыстарға қатысып, аң аулап өз бақтарын сынап жүр.

Естеріңізде болса Моңғолияда тұратын қандасымыз Айшолпан туралы 2014 жылы “The Eagle Huntress” атты дереті фильм түсірілген болатын. Бұл фильм Оскар сыйлығына да ұсынылған еді.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс