jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызымен болған даудың нүктесін қойды

21 ақпан 2018, 13:11

Кезіндегі «КешYOU»-дағы ашық-шашық» образдарын, продюсердің талабы болатын, – деп түсіндірген Мөлдірдің сұхбаты, қазнетте қызу талқыға түскен еді. Әуелбекованың бұл сөзіне шамданған Баян да, желіде өз жауабын берді. Десек те ұстаз бен шәкірт арасындағы текетірес оң шешімін тапқандай…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Иә, бұл батыл образдарымен көзге түскен «Кешьюдің» кешегі келбеті еді. Жылдар жылжып, уақыт сырғыған сайын, аталмыш қыздар ұжымының да сахналық костюмдері бүтінделе бастады. Мөлдір мұндай киімді Баянның талабымен киідік деген соң, қос тарап әлеуметтік желіде ашық айқасқа шыққан еді. Бұл екеуінің алғашқы жанжалы емес, сондықтан Әуелбекованың мұндай жайттарға еті үйренгені қашан…

«Сабыр – ақыл серігі» – деп отыра беремін. Үйреншікті жағдай. Өнер болғаннан кейін ондай бола береді. Ол әрдайым болған нәрсе. Көңіл-күйіме ешқандай тигенде жоқ, тимейді де. Мен айтып тұрмын ғой, өзіммен-өзім шығармашылығыммен айналысып жүрген адаммын”, – дейді Әуелбекова.

«Бірақ, Баян жайлы жағымсыз пікір білдіруден аулақпын» – деп отыр Мөлдір. Десек те, дүйім жұртқа танытқан ұстазы туралы талай мәрте сұхбат бергенімен, жағымды жаңалықты жеткізуде БАҚ өкілдері сараңдық танытып келген көрінеді.

“Мен өзімнің ұстазымды қаншама осы, алты жылдан бері мақтап келе жатырмын. Мені ол кісіден кеткеннен кейін, бірнеше продюсер өзіне жұмыс жасайық деп шақырған болатын. Мен сол кісілерге де жауап айтқанмын: «Менің продюсерімнен артық ешкім артық үйрете алмайды. Мен үшін мықты, ең үлкен мектеп» – деп талай сұхбаттарда айтылды. Бірақ, оның барлығын ешкім естімейді де, көрсетпейді де”, – дейді Мөлдір.

Қазіргі таңда Әуелбекова да әншілікпен қатар, продсерлік пен ұстаздыққа бет бұрған. «Назар» деп аталатын гелзбендке жетекшілік ететін «Кешьюдің» экс-мүшесі, қол астындағы қыздар ұжымының тұңғыш бейнебаянын таспалауда.

“Бейнеклип сюжеттік. Бізді бір образда көретін боласыздар! Бұл клипіміздің сюжеті анасынан айырылған балалардың, көрген қиыншылықтары туралы көрсетіледі бейнебаянда”, – дейді “Назар” тобының қыздары.

stan.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды