jasqazaq.kz

Мобильді қосымшаның салдарынан ауруханаға 29 оқушы түсті

08 желтоқсан 2017, 17:51


Смартфондағы мобильді қосымшаны қосқан соң, 29 бірдей оқушының денсаулығына зақым келген. Олардың кейбіреулерінің басы ауырып, жүрегі айныса, басқаларының тіпті, есірігі ұстаған.Бұл туралы “Интерфакс” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Ресейдің Липецк облысында орын алған. Мектеп оқушылары жаппай ауруханаға түсіп қалған соң, құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізуге кіріскен.

Тергеу дерегіне сүйенсек, оқушылар жаппай бір мобильді қосымшаны жүктеп алған. Көп ұзамай жасөспірімдердің жағдайы нашарлаған. Араларында есірігі ұстап, талып қалғандар да бар.

Дәрігерлердің айтуынша, емханаға түскен оқушылардан уланып қалу белгілері анықталған. Себебі білімгерлер басым ауырып, жүрегім айнып тұр деп шағымданыпты. Дегенмен, тергеушілердің пікірінше, оқушыларға смартфоннан таралған ультра-дыбыс әсер еткен болуы мүмкін.

Ауруханаға Липецктегі №35 мектептің 29 бірдей оқушысы түскен. Олардың дені 5-8 сыныпта оқиды.

Оқушылардың бірі ультра-дыбысты қосымшаны сабақ үстінде қосқан. Арада 5 минут өтер-өтпестен балалардың халі нашарлай түскен. Бұл туралы оқушылар жедел жәрдемге айтып берген.

Дәрігерлердің пайымынша, балалар психофизиологиялық әсердің ықпалына түскен.

Бір атап өтетін жайт, ауруханаға түскен оқушылар үш түрлі сыныпта оқиды. Олардың бір уақытта қалай ауырып қалғандары түсініксіз. Оны тергеу амалдары анықтайтын болады.

28 шiлде, 13:42
Түркістан: Ордабасыда ынтымақтастық рухын арттыруға арналған жиын өтті
28 шiлде, 13:40
Түркістан: Мақтаралда халықаралық өнлдірістік копперация орталығына инфрақұрылым тартыла бастады
28 шiлде, 11:43
Ынтымақтастық рухы: Ордабасыда қымызмұрындық өтті
27 шiлде, 17:39
Түркістан облысында агроөнеркәсіп секторы қарқынды дамуда
25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады