jasqazaq.kz

«Министрге хат»: оқушы Ғани Бейсенбаевқа арманын жеткізді

03 шiлде, 20:51

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев өзінің Фейсбук парақшасында «Министрге хат» акциясы туралы бастаманың ел ішінде қолдау тапқанын жазды:

«Өздеріңізге белгілі, маусым айының басында «Министрге хат» акциясын бастаған болатынбыз. Бүгінгі күні 235 хат келіп түсті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген хаттардың әрқайсын зейін қойып, асықпай, мұқият оқып шықтым. Шындығында ашық жазылған ұсыныс пікірлер, жүрек жарды тілектер мен жас балаға тән таза бұлақтай ойға толы хаттар мені қатты толғандырды.

Олар мектебі мен сүйікті ұстаздары, бастарынан өткен қым-қиғаш қызықты оқиғалары, алға жетелеген мақсат-мұраттары туралы жазулары мені зор әсерге бөлегені сонша балалармен жеке сөйлесіп отырғандай әсер қалдырды. Хаттарды оқи отырып, ең алдымен ата-ана ретінде қуаныш, мұғалім ретінде балаларымыз үшін мақтаныш сезім бойымды биледі. Әсіресе мына бір хат ерекше көңіл бөлдірді.

Тараз қаласындағы №66 мектептің 7-сынып оқушысы Артем Погореловтің хаты. Артем – тағдыры жеңіл болмаса да, жігері мұқалмаған батыр бала екен. Ол патронаттық отбасында тәрбиеленуде, әрі қазақ мектебінде оқиды. Мектеп жаңалықтарынан хабар жүргізеді екен. Болашақта журналист болуды армандайды. Өз хатын «Ғани әке…» деп бастаған екен. Әр сөзі мейірім мен ізгілікке толы. Сөздері де, сезімі де шынайы, жүрекке жылы тиді. Артемнің хатын бірнеше рет қайталап оқып шықтым.

Айналайын Артем! Егер осы жазбаны оқып отырсаң, өзіңмен Астанада кездесуді жоспарлап отырмын. Сол кездесу өзің айтқан әке мен бала арасындағы әңгімедей болады деп сенемін.

Бұл акция біз үшін де жаңаша бастама болды. Олар тек орынды сұрақ қойып қана қоймай, жауабын табуға ұмтылған. Ең бастысы – бізге яғни үлкендерге, болашаққа сенеді. Бұл сенім — жүректен шыққан сөздің, таза кәусәр бұлағы.

Қарапайым армандардан басталып, шынайы әрі мағыналы диалогқа айналған акция міндетті түрде жалғасын табуы тиіс. Әр балаға шын жүректен алғыс айтамын. Хаттағы әр сөз — біз үшін бағыт әрі бағдар. Қазіргі уақытта хатта көрсетілген мәселелер бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Өтініштердің барлығы жүйеленіп, пысықталуда. Кейбірін нақты шешу үшін алдағы уақытта талқылаулар мен пікір алмасулар ұйымдастырылады. Әр ой, әрбір пікір мен ұсыныс назардан тыс қалмайтын болады».

JQ-Aqparat

Сурет: Фейсбук 

 

 

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды