jasqazaq.kz

Министр: Диплом басып беретін ЖОО-ларға қатысты жұмыстар жалғасады

24 тамыз 2022, 13:26


Қазақстанда өз міндетіне салғырт қараған жоғары орындарына қатысты 15 сот ісі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін елордада өтіп жатқан «Адами капитал — Жаңа қазақстан дамуының негізгі ресурсы» форумында тілшілер министрден «диплом таратумен» айналысатын жоғары оқу орындарына қатысты қандай шаралар қабылданып жатқаны жайында сұрады.

«Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі тек диплом таратумен айналысып жүрген ЖОО-ларды жабу бойынша ауқымды жұмысты атқарды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Қазіргі кезде 15-ке жуық сот ісі қаралып жатыр. Дегенмен бұл университеттер түгелдей жабылады дегенді білдірмейді», — деді С. Нұрбек.

Министрдің айтуынша, жоғары білім саласындағы сапа мәселесіне ерекше мән беріліп отыр.

«Министр ретінде бірінші кезекте білім сапасына жауап беремін. Жалпы, барша білім беру жүйесі бұл ұстанымға ерекше назар аударғаны жөн. Егер жоғары оқу орны министрлік айқындаған регламентке сай келмесе, біз бұл мәселені қатаң бақылауға аламыз», — деді ведомство басшысы.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті