jasqazaq.kz

Министр: Бетті тұмшалау құқық қорғаушылардың жұмысын қиындатады

24 қараша 2017, 13:39

Дін қызметі және діни бірлестіктер туралы заңға бетті тұмшалап жүруге тыйым салу тетігін енгізу жоспарланған. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, сарапшылар аталған норманы жан-жақты пысықтап шықты, xалықаралық тәжірибе зерделенді.

Халық арасында сауалнама да жүргізілді. Осы орайда қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударылды. «Сол себепті осы іспетті нормаларды енгізу туралы шешім қабылданды. Негізі, аталған мәселеге дін тұрғысынан емес, қауіпсіздік жағынан қарау қажет. Шын мәнінде, никаб, шадра, палаклава, пәренжі, я болмаса, маска сияқты киім-кешектер адамның бетін тұмшалап, құқық қорғаушылардың жұмысын қиындатады. Осының салдарынан қауіпсіздіктің деңгейі де төмендейді. Сосын ондай киімдер біздің қоғамымыз үшін жат нәрсе. Адамдар оны ашық айтып жатыр. Сол себепті аталған норманы енгізуді жөн көрдік», — дейді министр Ермекбаев.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев елшілер үшін арнайы баспасөз мәслиxатын өткізді. Министр діни қызмет және діни бірлестіктерге арналған заңнамаға қандай өзгерістердің енгізілетінін кеңінен айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметшілердің діни ұстанымына қатысты нақты үш шектеу болады.

 

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті