Министр: «Artsport бағдарламасы болмайды»

12 шiлде 2023, 14:10

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Artsport бағдарламасы тоқтағанын, оның орнына іске қосылатын бағдарлама аясында балаларды үйірмемен қамту жұмыстары алдағы уақытта қалай жүретінін айтты.

«Artsport бағдарламасы жоқ, спорт және мәдени үйірмелерді қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарлама бар. Өткен жылы осы бағдарламаны орындаушы «Artsport» ақпараттық жүйесін іске қосқан еді. Енді жаңа қағидалар мен жаңа стандарт орнатылды. Өткен жылғы кемшіліктерді ескере отырып, биыл 86 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазір түрлі өңірде түрлі ақпараттық жүйелер бар. Бірақ біз жүйелі шараларды қолға алдық, ашықтық болуы үшін барлық базаларды біріктіреміз. Басты міндет – барлық шешімдер балалар пайдасына, ашықтық мақсатында қабыланады. Бұл өте маңызды. Қандай да бір компания лоббиіне жол берілмейді. Ең бастысы – балаларға үйірмелерді қолжетімді ету», — деді министр Үкімет кулуарында журналистер сауалына жауап беру барысында.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды