jasqazaq.kz

Министр: 1,5 миллион отандасымыз елде не болып жатқанын білмейді

08 қараша 2017, 16:35

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанда 600 мың отбасының шетелдік арналары бар спутниктік телеарналарды қарайтынын және сондықтан өз елімізде не болып жатқанын білмейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tеngrinews.kz.

«Бұл жерде еліміздегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесі жайында. Қазіргі уақытта 600 мың отбасы спутникті қарайды. Онда қазақстандық телеарналар қорғалмаған. Сонда еліміздегі 1,5 миллион адам жаңалықтардан хабары жоқ деген сөз, яғни, олар қазақстандық телеарналарды көрмейді және соған байланысты Қазақстанда не болып жатқанын білмейді де», — деді министр Абаев. Сондай-ақ, ол Қазақстан азаматтарының ешбір тіркеуі жоқ спутниктік телеарналарды қолдана алатынын айтты. «Жергілікті органдар түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тіркелмеген спутниктік карталардың сатылымына тыйым салынады. Қолданушылар зардап шекпейді», — деді Дәурен Абаев.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы