jasqazaq.kz

Михаил Антонюк. Өз дәуірінің суретшісі

18 сәуiр, 18:47

Биылғы 11 сәуірде мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде Қазақстанның монументалды өнерінің ең жарқын өкілдерінің бірі Михаил Антонюктің 90 жылдық мерейтойына орай «Өз дәуірінің суретшісі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.


Михаил Яковлевич Антонюк 1935 жылы 12 наурызда Волыньдағы (Украина) Туличев ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Львов қолданбалы және сәндік өнер институтын, «Монументалды өнер» факультетін бітіріп, көп ұзамай Қазақстанға келіп, аймақтың мәдени өмірінің белсенді қатысушысы болды. Оның шығармашылық мұрасы Целиноградтағы (қазіргі Астана) монументалды өнердің қарқынды дамуымен тығыз байланысты болды, онда суретші қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар үшін витраждар мен мозаика жасайтын жетекші шеберлердің біріне айналды.
Михаил Яковлевич 1963 жылы КСРО Суретшілер Одағының мүшесі болып сайланды және Қазақстан Суретшілер Одағының Целиноград бөлімшесінің ұйымдастырушыларының бірі болды. Оның мозаикалық жұмыстары арқылы Қазақстанның қоғамдық және мәдени мекемелері безендіріліп, ал өзі көптеген облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қатысты. 1991 жылы суретші «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағына ие болды, бұл оның ел өнеріне қосқан зор үлесін мойындатуы.


Атаулы көрме жарты ғасырдан астам уақыт бойы мәдени өмірдің белсенді қатысушысы ғана емес, сонымен қатар тұтас ұрпақтың шабытын оятқан суретшінің шығармашылығының айқын көрінісі.
Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар қатарында «Еуразия» телеарнасының бас директорының бірінші орынбасары Светлана Жалмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Камиль Муллашев және Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Халықаралық сәулет академиясының академигі Василий Тоскин болды. Қонақтар суретшінің кеңестік кезеңде қаланың сәулеттік келбетіне көрік берген мозаикалық туындылары мен витраждары туралы жылы естеліктерімен бөлісті.


Көрме кураторы, суретшінің ұлы Ярослав Антонюк: «Әкемнің туындылары — әр адамның өміріндегі маңызды және өзгермес сәттерді бейнелейді», — деп көрермендерді экспозициямен жақын танысуға шақырды.
Экспозицияда қазақ халқының тарихы мен ұлттық нақыштарды қамтыған ою-өрнек элементтерімен көмкерілген туындылар ұсынылған. Михаил Антонюктің картиналары, мозаика және витраждары — композициялық ырғақ пен терең мағынаға толы көркемдік әлем.
Көрме 2025 жылғы 11 сәуір мен 11 маусым аралығында ҚР Ұлттық музейінің 7-қабатындағы уақытша көрмелер залында келушілер назарына ұсынады.

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң