jasqazaq.kz

Мигранттарды аукцион арқылы құлдыққа сатқан

21 қараша 2017, 11:46

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ливиядағы мигранттарды сату жөніндегі хабарламаға байланысты наразылығын білдірді. Ол заңсыз мигранттарды құл ретінде сатып жатқан аукционның видеосына сүйенді.  Бұл  туралы  БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап «Қазақпарат» хабарлады.

«Біздің әлемімізде құлдыққа орын жоқ. Адам құқығын бұзатын мұндай жан төзгісіз әрекеттер адамгершілікке қарсы қылмыс ретінде бағалануы мүмкін», — деді БҰҰ Бас хатшысы ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде журналистерге берген сұхбатында. Ол мемлекетті БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын ұмытпауға және оның барлық талаптарын бұлжытпай орындауға, сондай-ақ қазіргі заманғы құлдық түрлерімен күресте бірігуге шақырды. Бұған дейін америкалық CNN арнасы Ливия базарында Еуропаға өтуге әрекет жасаған заңсыз келімсектердің құл ретінде сатылып жатқан видеосын жариялаған болатын. Олардың біреуі шамамен 400 долларға ауыл шаруашылықтарында жұмыс істету мақсатында сатылған.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті