jasqazaq.kz

Мешітте ұрлық жасаған күдікті қолға түсті (Видео)

13 қыркүйек 2022, 13:44

Алматыдағы мешітте ұрлық жасап жүрген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz Мешіттен ұялы телефон ұрлаған 30 жастағы ер адам ұсталды.

– Жергілікті тұрғын біздің бөлімшеге арызбен жүгінді. Ол мешітте ұйықтап қалғанын, оянғанда телефонын таппағанын айтты. Күдікті тез арада анықталды. Бейнебақылау камераларының деректері жақсы көмек болды. Қаскөй 30 жастағы М. есімді азамат болып шықты. Ол өз ісін мойындап, мешітте ұйықтап жатқан адамды көргенін, оның жанында телефоны болғанын айтты. Ол өзінің арам ойы кенеттен пайда болғанын айтады. Оған ешкім қарап тұрмағанына көз жеткізген соң, гаджетті алып, мешіттен шығып кеткен, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев. Оңай ақшаны ұнататын жігіт ұрлап алған затын сатуды жоспарлаған, бірақ үлгермеген. Себебі оны полиция қызметкерлері ұстады. Телефон тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іске тіркелді. Қылмыстық іс тіркелді.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті