jasqazaq.kz

Меруерт Түсіпбаева: Қалатын болдым енді, ешкімге тимей

30 қазан 2017, 15:52

Меруерт Түсіпбаева жалған ақпараттың кесірінен тұрмысқа шықпай қалатын болдым деп күйінді. Әншінің айтуынша, отандық басылымдардың бірі оны тұрмысқа шығарып қойған. Дәл осы себепті әншіде көңілі бар азаматтар үйленуден айнып қалуы мүмкін.

Өткен аптада бірқатар отандық басылымдар Меруерт Түсіпбаеваны “тұрмысқа шығарып” қойған. Оған себеп мына сурет.   Түсіпбаева бұл суретті жексенбі күні салған. “Жексенбілік кеш” деп аталатын суретте есімі белгісіз азамат Меруерт Түсіпбаеваға ас әзірлеп жатқанға ұқсайды. Сол себепті елдің бәрі оны Түсіпбаеваның таңдауы түскен азамат деп қалды. Алайда әншінің өзі мұны жоққа шығарды.

“Мен не деп салдым? Күйеуге тидім дедім бе? Жексенбілік кеш деп жаздым болды. Ол менің бауырым, көршім не туысым шығар, тіпті дос қызымның жұбайы шығар. Мен жай ғана сол фотоны жарты сағаттан кейін алып тастауға мәжбүр болдым”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Осылай дегеніне қарамастан, Түсіпбаева ас әзірлеп тұрған азаматтың кім екенін жасырып қалды.

“Мен айтпаймын. Бір жақсы, тамаша адам. Жаңа Мақпал Жүнісова апайым: “Күйеуге тиіпсің ғой”, – деді. Мен шынымды айтамын, тиген жоқпын. Мені сыртымнан тон пішіп, шығарып қойыпты дедім”, – деді ол ағынан жарылып.    Әнші жалған ақпарат таратқан БАҚ құралдарына ренішін жеткізді.

“Алам деп жүрген адамдар туу тиіп қойыпты, үйленбей-ақ қояйық дейтін болды ғой. Қалатын болдым енді, ешкімге тимей”, – дейді әнші күліп.

 

Stan.kz.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы