Меруерт Түсіпбаева: Бала түгілі ересектер қателеседі, пендеміз ғой

19 шiлде 2023, 10:46

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева желіде ұлына белгісіз бір әйелдің жақсылық жасағанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшілікке жан сырын ақтарды. Әншінің айтуынша, ол баласы есейе келе үнемі ұл балаларға көмек көмектесуге тырысқан. «Бүгін мен тебіренген күн болды. Қуаныштан көзіме жас келді. Білесіздер, мен көпбалалы отбасыда өстім. Қыздардың үлкені болғандықтан, бауырларымды сүйреп, ерте есейдім. Кішкентай кезімнен бауырларымды бағып, қаққандықтан, көпбалалы ана болуға тырыспадым. Құдай сол тілегімді қабыл алған-ау, бір тал бала берді ғой. Шүкір! Балам есейе келе қолымнан келгенше, әсіресе, ұл балаларға көп көмек беруге тырыстым. Сол сәтте, ішімнен «Баламның алдынан жақсы адамдар шықсыншы» деп сұрайтынмын. Жақсылық жерде қалмайды екен, ағайын. Бүгін көзім жетті. Бүгін бір қиын жағдайда балама жөн сілтеп, бір әйел көмек берді. Жай ғана «Бұл бір қазақтың баласы ғой. Ертең болашағына кедергі болмасыншы» деп уақытын бөліп, қолын бір сілтемей, ақылын айтты. Менің балама өз баласындай қараған бейтаныс жан, аман болыңыз! Бала түгілі ересектер қателеседі, пендеміз ғой. Көзге көрінген балаларымыз жақсы адам болсыншы. Өзіміз бала өсіріп отырмыз, ешкімнің баласын жамандамайық, табаламайық, сөкпейік», — деді Меруерт Түсіпбаева.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды