jasqazaq.kz

«Мен ораза ұстадым, сен ұстаған жоқсың» деп көзге шұқу дұрыс па?

06 наурыз, 10:10

Бүгінде он адамның тоғызы ораза ұстайды десек, қателеспейтін шығармыз.  Кейде ауыз бекіткендер бекітпегендерге үдірейе қарайды. Рамазан айында ауыз ашатын уақытқа дейін тамақ ішкендерді күнәһар көреді.

Бұл қаншалықты дұрыс? Baq.kz порталы осы сауалды Астана медресесінің ұстазы Бекзат Азатбекұлына қойыпты.

Бекзат ұстаздың айтуынша, ораза ұстау – әркімнің мойнына жүктелген парыз. Иманды адамға құлшылық, ғибадат – парыз. Құлшылық, ғибадаттың ішіне ораза да кіреді, намаз да кіреді. «Неге ұстамадың?» деген сияқты сөз айтып жататын болса, оны міндеттеме емес, жай еске түсіру, ескерту деп қабылдасақ болады», — дейді.

Ұстаз Исламда қинау, мәжбүрлеу жоқ екенін ескертеді: «Адамның барлығы бірдей дәрежеде шариғатты ұстанып жатқан жоқ қой қазір?! Біреулер, мысалы, сыртқы келбетімен ғана ұстануы мүмкін. Ішінде ол мүлдем сенбеуі де мүмкін немесе ұстанып жүргендігін мақтан көретіндер болуы мүмкін. Тіпті намаз оқығандығын да мақтан көретіндер болуы мүмкін. Оның бәрін жоққа шығармаймыз. Оның барлығы – қоғамда бар, болып жатқан нәрсе. Сол сияқты біреу өзінің ораза ұстағанын айтқысы келіп, мақтанып, біреуге «Сен неге ұстамайсың? Мен ұстадым» деген сияқты айтып жатса, ол – шариғатта тыйым салынған нәрсе. Рия болып есептеледі. Өзінің амалын көрсету үшін, мақтану үшін жасалған амал».

Бекзат Азатбекұлы құлшылық ғибадатта емес, жалпы өмірде басқа біреуді өзінен төмен санап, өзін одан жоғары көрсетіп, тәкаппарлануға болмайтынын атап өтті. «Бұл шариғатымызда ең үлкен күнәлардың қатарына кіреді. Ораза ұстаған кездері дәл осындай сипаттар кейбір адамда көрініп жатады. «Мен ораза ұстадым, сен ұстаған жоқсың», «мен намаз оқыдым, сен оқыған жоқсың» деген сияқты. Мұсылман адам ондай нәрседен аулақ болу керек», — дейді ол.

Сурет: istockphoto.com

JQ-Aqparat

12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?