Мемлекеттің қолдауы жылыжай жұмысын жандандырған

17 шiлде 2023, 10:27

Ауылшаруашылығы саласында басым бағыттарының бірі азық-түлік тауарлары екені белгілі. Тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласында жылыжай кешендерінің саны мен оған көрсетілетін мемлекеттік қолдау үлесі артып келеді.

Шымкенттегі мемлекет тарапынан қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған өндірістік жылыжай кешендерінің бірі – жеке кәсіпкер «Иляев». Аталған жылыжай кешені Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабында орналасып, жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайды.

Кәсіпкер жылыжайды құру жұмыстарын 2018 жылы бастаған екен. Сол жылы кешен құрылысына «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген. Жылыжай кешені түркиялық стандартқа сай келетін және жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып қана қоймай, инновациялық жүйедегі заманауи технологиялармен қамтылған.

Қазір мұнда жылына 600 тоннаға дейін қызанақтың «Мерлис» және «Пембе» сорттарын өндіреді. Өндірілген тауарлар азық-түлік дүкендері мен базарларында сатылып жатыр. Қазіргі таңда жылыжай кешенінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Олар өсімдікті баптау, суару және күтім көрсетумен айналысады.

Айта кетерлігі, бұл жерде өсірілетін көкөністер тек экологиялық таза өнімдерден құралады. Оларды өсіруде қолданылатын технология су мен тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар арқасында кәсіпкер, шаруашылық иесі Берік Иляев биылғы жылы қосымша жылыжай аумағын 4 гектарға ұлғайтып, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Одан өзге, Шымкент қаласын ғана қамтып қоймай, экспортқа шығаруды көздеп отыр. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге жартысына дейін үкіметтен төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы қарастырылған.
Бұл көмек түрлері кәсіпкерлердің қызығушылығын арттырып, мегаполисте жылыжай шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде.

Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерден жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және тағы басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа саудалануда. Биыл тағы екі жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда. Онда 800 тонна құлпынай мен өзге де көкөністер өндіріліп, 30-дан астам адам жұмыспен қамтылатын болады.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды