jasqazaq.kz

Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес

09 ақпан, 19:57

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі парақшасында Конституцияның 9-бабының екінші тармағына енгізілген өзгерістерге қатысты пікір білдірді.
“Біздің қоғам Ата Заңның 9-ыншы бабының екінші тармағын дүрлігіп талқылап, біраз тіл жанашырларын айыптап, күстаналап жатқанда Мәжіліс пен Ақорданың ішінде үнсіз көп іс атқарылып жатқанын сіздер білмейсіздер, әрине. Міне сол тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтініштерін беріп, сол 9-ыншы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді!
Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір.
Ең бастысы осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік – желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз! Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана”- деді ол жазбасында.

Фото: inform.kz

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес