Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 15 қарашасында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» республикалық онлайн семинар-тренингін өткізеді.
Семинар-тренингтің мақсаты – Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын онлайн режимі арқылы жүзеге асыру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу;
Семинар-тренингке ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, аймақ ғалымдары мен тіл мамандары.
Семинар-тренинг барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер шеберлік сабақтары мен онлайн сабақтарын көрсетеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, 303 каб.
Өтетін уақыты: 2017 жылғы 15 қараша, сағат 9.30
Байланыс телефондары: 8(7172) 740877, 408367, 87470311632