jasqazaq.kz

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама: құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері

14 ақпан, 20:57

Алматыда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил, мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастықтың өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның негізгі тармақтарын талқылады. Д. Кеңбеил заңның тиімді тұстары мен оның алғашқы нәтижелеріне тоқталды. Осылайша, енді сатып алулардың жеңімпаздары 10 жұмыс күні ішінде анықталады, ал рейтингтік-баллдық жүйе бойынша конкурстар небәрі 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Бұл ретте жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1-ден 2%-ға дейін ұлғайтылды.

Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша келісім-шарттар жасалып, жеңімпаздардың басым бөлігі  болып жергілікті компаниялар анықталған. Ағымдағы жылдың бір жарым айында жалпы құны 1,3 триллион теңгеден асатын 330 мың келісімшарт жасалса, өткен жылы осы кезеңде 339 миллиард теңгеге келісімшарт жасалған.

Қатысушылар жаңа Заңның бизнес-климатқа оң ықпалын, сатып алынатын тауарлардың сапасын арттырып, отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталғанын атап өтті.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил : «Біздің министрлік мемлекеттік сатып алудың барынша ашық жүйесін құруға ұмтыла отырып, бизнес пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарына әрқашан ашық», — деп атап өтті.

Қаржы министрлігі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда