jasqazaq.kz

Мемлекеттік органдар заңды өздері үшін жаза ма?

05 желтоқсан 2016, 16:37

20160912081522

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум басшысы Тимур Құлыбаев бизнеске қатысты заңдарды толығымен тексеріп, ондағы жемқорлыққа жол беретін тұстарды жоюды ұсынып отыр.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «бүгінде нормативтік-құқықтық актілердерде жемқорлықтың бар-жоғын тексеру мәселесіне баса назар аударған жөн. Себебі мемлекеттік органдар барлық ережелерді, регламенттерді және басқа да актілерді өздері әзірлеп бекітеді. Әрине, ондай құжаттар жеке ведомстволық мүдделер үшін жазылады. Сондықтан заңдардағы жемқорлықтың бар-жоғын тексергенде қоғамды кеңінен тартқан дұрыс. Біздіңше, осы жұмысты екі бағытта жүргізуге болады. Біріншіден, жаңа заңдардың сараптамасын өткізіп отыру керек. Екіншіден, бұған дейін қабылданған заңдарды толығымен тексеріп шығу қажет. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне келесі жылда бизнеске қатысты нормативтік актілерде жемқорлықтың бар-жоғын тексеріп шығуға ұсынамыз», — деді Т.Құлыбаев Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған республикалық форумда. Президиум төрағасының айтуынша, бүгінде кәсіпкерлерге берілетін 28 000 сан алуан рұқсат қағаздары бар. Мәселен, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер бойынша 11 000 талап бар. «Біз аталған талаптарды зерделеп, соның 82 пайызын қысқартуға болады деген қорытындыға келдік. Қазір осы қызмет бойынша нақты 2 000-ға жуық талапты қалдыруға болады. Ал 11 000 талап, ол деген шағын бизнес үшін емес, орта бизнестің өзі үшін ауыртпалық туғызып отыр. Енді, ойлап көріңізші, барлық талаптарды орындау үшін компанияның аппараты қандай болу керек? Біздіңше, нарықтың өзі реттеп отыруы тиіс. Егер компанияның қызмет көрсету сапасы төмен болса, онда ол бәсекеге төтеп бере алмайды», — дейді Т.Құлыбаев. Оның айтуынша, аталған мәселелердің бәрін «Әкімшілік кедергілерді азайту туралы» заңның аясында реттеу көзделіп отыр. Ол үшін арнайы жол картасы қолға алынады.

 

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету