jasqazaq.kz

Мемлекеттік қызметшілермен еркін форматта жиын өтті

20 қазан 2022, 18:23

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, еркін форматта әңгімелесті. Қазақтар Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті іс-шараны 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырды.

Кездесуді өткізудегі мақсат – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге мотивациялық серпін беру.

Жиында Шыңғыс Мұқан мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін және дағдыларын үздіксіз жетілдіру, кәсіби және жеке құзіреттіліктерін арттырудың маңызы туралы айтып берді.

– Мемлекеттік қызметшіге артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік этиканы сақтап, өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліне адал қызмет етуге жұмсауы тиіс. Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік. Өз салаларыңның үздік маманы болыңдар, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаев мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшінің халық алдындағы патриоттық сезімін оятып, жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетініне тоқталды.

Кездесу бейресми, еркін форматта өтті. Жастар толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2022 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды. Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтыды.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті