Мемлекеттік қолдаудың арқасында ұсақ қожалықтар ірі кооперативке айналды

17 шiлде 2023, 10:26

Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы сүт-ет өнімдерімен қамтамасыз етуге «Бәйтерек Агро» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі өзіндік үлесін қосып келеді. Мал бордақылау және тауарлы сүт өнімін өндірумен айналысатын шаруа қожалық Қаратау ауданында орналасқан.

«Бәйтерек» шаруақожалығы алғаш 2012 жылы құрылып, мекеме ең алдымен 400 бас ірі қара мал бордақылаудан бастаған екен. 2016 жылға келіп, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар арқасында шаруашылық аумағын ұлғайтып, мал бордақылау алаңының сыйымдылығын 700 басқа дейін жеткізген. Ал 2018 жылы бұл меже 1200 басқа дейін жетті. Сол жылы шаруашылықтың бас директоры Тахирбек Нышанбаев өндіріс саласын ауқымды дамытуды қолға алып, «Бәйтерек Агро» ауылшаруашылығы кооперативін құрды. Кооперативке 20-дан аса жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктірді. Бұл өз кезегінде ұсақ шаруақожалықтардың дамуына және бірлесе жұмыс атқарып, өз өнімдерін тікелей делдалсыз сатуларына себепкер болды.

Кооперативте заманауи құрал-жабдықтармен, техникалармен қамтылған сүт өңдеу цехы және мал сою алаңы бар. Бүгінде қожалықтың жалпы аумағы 300 гектарға жетіп, оның 14 гектарында қоражайлар мен ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін цехтар орналасқан.

Шаруашылықта қазіргі таңда 1300 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы мен 500 бас сауынды сиыр бар. Сонымен қатар, қожалық тәулігіне 8 тоннаға дейін сүтті қабылдап, өндіре алады. Ерекше атап өтерлігі, сүт өнімдерін өндіру арқылы, атап айтқанда сүзбе, құрт, айран, қазы, ірі қара мал, жылқы, қой еттеріне арнайы шаруашылық белгілері қойылған өнімдерін тікелей делдалсыз қолжетімді бағада ұсына отырып, қала тұрғындары тығыз шоғырланған жерлерде сатылымға шығарып отыр.

Алдағы уақытта қожалық иесі шаруашылықта сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды сиырларды көбейтіп, сапалы өнім алуды және репродукторлы (асыл тұқымды төл өсіретін) шаруашылық құруды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, қазір қала аумағында егістік пен жайылымды жерлердің қысқарғанына қарамай ауыл шаруашылығына қатысты жоспарлар жүзеге асыру тоқтамақ емес. Сондықтан, өнім көлемін арттыру мақсатында мал шаруашылығына, оның ішінде сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қараның басын көбейту көзделіп отыр. Қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 млрд теңгеден астам мемлекеттік қолдау бөлінген. Оның ішінде 185,1 млн теңгесі малдың жем-шөбіне беріледі. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154,0 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарланып отыр.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды