jasqazaq.kz

Мемлекеттік аудит 244 млрд теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады

16 тамыз 2022, 13:22

Жыл басынан бері 3,2 трлн теңге бюджет қаражатына аудит жүргізілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы 7 айда 7,3 трлн теңгеге 342 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 23 286 рәсімде заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит нысандары оларды жою туралы хабарламалардың 93% орындады», — деді Қаржы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, биылғы 7 айда 1 485 аудиторлық іс-шара өткізілді. Шамамен 3,2 трлн теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылып, 244 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталған.

«Тауар жеткізу, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 234 млрд теңгенің заң бұзушылықтары жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 291 ұсыным берілді», — деді Е. Жамаубаев.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті