Мемлекет қолдауы тұрақты табысқа жеткізеді

13 шiлде 2023, 15:04

Биыл Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау ретінде 447 қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Өткізілген бірінші және екінші лектің өзінде 6000-ға жуық адамнан өтініш түскен болса, оның 228-не оң шешім қабылданып, грант ұтып алған. Әлі алда тағы екі лек бар.

Оң шешім алған 228 адам келесі санат бойынша жіктелген: 25-і атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 34-і еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар, 121-і көпбалалы отбасылар, 32-і мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам, 16-сы асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар. Олардың ішінде жеке кәсіпкерлер – 125, жұмыссыздар – 103.

Грант тігін, кондитер және жартылай фабрикат өнімдері, қызмет көрсету (дүкен, клининг, массаж, фотосалон, компьтерлік қызметтер), мал шаруашылығы, сүт өнімдері, өндіріс, оқу орталығы, автокөліктерге қызмет, сұлулық салоны, құрылыс жұмыстары салалары бойынша берілген.

– Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге өздерінің бизнес әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Қайтарымсыз қаражат үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі тәуелсіз комиссиялардың шешімі негізінде беріледі. Комиссия құрамына қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Жалпы грант алған 228 адам ішінде 213 азамат өз қызметін салық органдарына тіркеген. Оның ішінде 123 азамат есебін тапсырды. Белгілі себептермен кәсібін бастай алмаған 1 азамат өз еркімен ақшаны қайтарды. 2 грант иегері қаражатын мақсатты пайдаланғаны туралы есептерін 3 ай ішінде тапсырмауына байланысты, әкімшілік-құқықтық бөліміне қаржыны кері қайтару жұмыстарын жүргізуге ұсынылған. 102 азаматтың өз қызметін салық органдарына тіркеп, есебін тапсыруға 2023 жылдың қыркүйек айына дейін мерзімдері бар, – дейді Шымкент қаласы әкімдігінің еңбек мобильді орталығы басшысының бірінші орынбасары Жұлдыз Балтабаева.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде 2022 жылы 1195 азамат 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған. 142 азамат Әкімшілік-құқықтық бөліміне мемлекеттік грант қаржысын мақсатсыз пайдаланғаны үшін ұсынылып, қаражатты қайтару үшін сотқа 136 азаматқа қатысты талап арыздар жолданған. Оның ішінде 109 азаматқа қаржыны қайтару бойынша сот шешімі шықты. Сондай-ақ, 24 азаматтың талап арыздары қазіргі таңда сотпен қаралуда және 9 азаматқа қатысты талап арыздар алдағы уақытта сотқа жолданады.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды