jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді

20 мамыр 2025, 22:29

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештке сапары барысында Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен атап өтті. Оның аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімге қол қойылды.
Мемлекет басшысының айтуынша, нақты уағдаластықтарға қол жеткізу, сондай-ақ Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан аталған сапар нәтижелі болды.


Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ертеңгі бейресми саммитінің маңызына тоқталып, еліміз ТМҰ қызметінің барлық басым бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға бейіл екенін растады.
Виктор Орбан сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-мажар қатынастарының орнықты әрі қарқынды сипат алғанына назар аударды.
Мажарстан Премьер-министрі соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастық, әсіресе, экономика саласында белсенді дамып келе жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар саммитті ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.


Кездесуде былтыр жоғары деңгейде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, соның ішінде энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың орындалу барысы талқыланды.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей