jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

25 қазан 2017, 14:39

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

«Сіздің басшылығыңызбен Қытай Коммунистік партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту барысында елеулі жетістіктерге жетті. Сізге достас Қытай мемлекетінің халықаралық беделі мен әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру жолындағы дамылсыз әрі жасампаз еңбегіңізге сәттілік тілеймін. Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да қарқынды дамитынына, сондай-ақ халықтарымыздың достығы нығая түсетініне сенім білдіремін», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық пен амандық тілеп, достас Қытай халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс