jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

29 қараша 2024, 12:46

Аида Балаева министрліктің мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынас, жастар саясаты, креативті индустрия, отбасы-демографиялық саясат, мұрағат және кітапхана ісі салаларында биылғы атқарған шаралары, сондай-ақ келесі жылға арналған перспективті жоспарларын жүзеге асыруға дайындығы жөнінде мәлімет берді.

Министрдің мәліметінше, биыл алғаш рет қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, атап айтқанда, Венеция биенналесінде, Гиме Азия өнері музейінде таныстырылды.
Отандық баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілді.

Сондай-ақ сегіз тілде Qazaq сulture ақпараттық-ағартушылық платформасын іске қосу еліміздің тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін дәріптеу тұрғысынан маңызды жобаға айналды.

Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты айтулы мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде бағаланды.
Аида Балаева министрліктің заң жобаларын әзірлеу бағытында атқарған жұмысы туралы да баяндады:
– биыл елімізде журналистердің мәртебесін арттыруды көздейтін жаңа БАҚ туралы заң қабылданған;
– «Қазақфильм» киностудиясын тікелей қаржыландыруды қарастыратын заңнамалық өзгерістер Парламент қарауына ұсынылған.
Министрдің еріктілер қозғалысын дамыту шаралары жөніндегі есебінде 2022 жылмен салыстырғанда, белсенді еріктілер саны 240 мың адамға дейін артқаны айтылды. Жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жоба жүзеге асырылады, сондай-ақ 7 қазақстандық ерікті БҰҰ құрылымдарына жіберілген.
Креативті индустрияны қолдау шаралары әзірлеу бағытында да біраз шаруа атқарылды. Олардың қатарында Креативті индустрия қорын құру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту бастамалары бар.

Сонымен қатар креативті индустрия субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Жыл басынан бері елімізде 10 креативті орталық пен хаб ашылған.
Президент келесі жылы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді мерейтойлық әрі маңызды іс-шараларға дайындық барысын жіті бақылауға алуды тапсырды.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды