Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері осылай деп отыр.
Қазірдің өзінде еліміздің батыс аймағы мен Оңтүстік Қазақстан облысы және Жезқазған қаласында ата-аналардың кейбірі діни ұстанымына орай қыздарының мектеп формасына қарсы шығуда. Олар балаларының білім ошағында бетін бүркемелеп, орамал тағып жүргенін қалайды. Тіпті, Ақтөбеде оқушыдан орамалын мектепте шешуін талап еткен мұғалімдерді ата-ана сотқа берген. Дегенмен, білім министрлігінің бұйрығының заңдық күші барын білгенде ғана райларынан қайтыпты. Енді дін істері министрлігіндегілер ескертуді елемегендерге заңға сәйкес алғашқыда айыппұл салып, тіптен тәртіпке бағынбаған жағдайда ата-аналық құқығынан айыруға болады деп отыр.
Балғабек Мырзаев, ҚР дін істері және азаматтық қоғам мин истрлігінің басқарма басшысы:
-Неке және отбасы туралы кодексте қарастырылған. Ол жерде егер ата-ана төртінші мәрте мұны тағы да табандап тіреп, қолданыстағы заңдарды орындағысы келмеген жағдайда ата-ана құқығынан айыру қарастырылған. Сондықтан бүгін біз ата-анаға түсіндіріп жатырмыз.