jasqazaq.kz

Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды

03 желтоқсан 2024, 14:17

Бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте жаңа жылдық мерекені атап өтуге қатысты пікір білдірді.

Үкіметте өткен брифингте ол: «Бұрын да айтқандай, мектепте ақша жинауға болмайды. Министрлік бұйрығымен бұған тыйым салынған. Кез келген шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Оның үстіне қазір барлық шараларды «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде өткізу жоспарланған», — деді.
Мектепте ұйымдастырылатын шаралар тек көңіл көтеру үшін емес, ең алдымен балалардың тәрбиесіне бағытталуы керек.

«Сыйлыққа қатысты сауалға бұрын да жауап берген едім. Гүл сыйлауға бола ма дегенге, иә, рұқсат етілген шекке дейін болады. Менің білуімше, ұстаздар сыйлық күтпейді. Біз балаларды материалдық ынталандыру күтпеуге тәрбелейміз», — деді министр.

JQ-Aqparat

Фото: baq.kz

Бүгін, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников