jasqazaq.kz

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан кетеді

19 қазан 2016, 14:17

snimok

Қазақстанда мектеп оқушыларынан ақша жинаған мұғалімдер қатаң жазаға ұшырайды. Тіпті жұмыстан қуылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.

«Бізде министр бұйрығымен мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітілген. Ол бұрыннан бар, бұл бірінші бұйрық емес. Ол туралы барлық білім беру департаменттері мен бөлімшелеріне айтылды. Біз мектептерде ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Бірақ бұл талап жергілікті жерлерде бұзылып жатады», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, осы бұйрықты бұзған қызметкерлерге қатаң жаза қолданылады. Тіпті жұмыстан шығаруға дейін баруы мүмкін.

«Біз барлық оқиғаларға қатаң шаралар қолданып келеміз. Оны жіті бақылап, ата-аналармен бірге ақша жинауға мүлдем қарсы екенімізді білдіреміз. Мектепте оқушылардың ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы министр бұйрығы барлық облыстың, Астана мен Алматы қалаларының білім беру департаменттеріне жолданған. Ақша жинауға жол берген қызметкерлерді жұмыстан шығаруға дейін барамыз», — деді Эльмира Суханбердиева.

caravan.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету