jasqazaq.kz

Мектепке жол қайырымдылық акциясы көп отбасыға демеу

22 тамыз 2022, 19:06

Қаратау ауданында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Асар шағынауданында жалғасын тапты. Аудандағы демеуші азаматтар бұл жолы 50 баланы мектепке қажетті кеңсе тауарлары, мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов іс-шараға қатысып, демеушілік еткен азаматтарға алғыс айтты. Бұған дейін қайырымдылық акциясы Тассай, Асар елді мекендерінде өткен болатын. Ауданда жалпы 2000 мыңдай мұқтаж отбасы бар.

Қайырымдылық іс-шарасын аудандағы елдімекен билері ұйымдастыруда. Бұл орайда әр елдімекеннен 2 оқушы қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Барлығы да мұқтаж отбасылардың балалары. Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясы одан әрі жалғасын табатынын атап өтті.

AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бас ғимаратында «Баланы мекепке даярлайық!» акциясы жалғасын тапты. Еңбекші ауданына қарасты 20 отбасының балаларына мектеп формасы, спорттық форма, аяқ-киім және сөмкелер табысталды.

Мұндай қайырымдылық акциясы өзге аудандарда да жалғасын табуда. Игі бастамаға қалалық «AMANAT» партиясы қолға алып отыр. Балаларға қуаныш сыйлауға партия өкілі Рәшкүл Оспаналиева демеушілік жасады.

Аталмыш акция барысында партия мүшелері және мәслихат депутаттары қаламыздағы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттармен қамтамасыз етті.

Мектеп құралдарымен қамтылған оқушылардың анасы Айгүл Жұмаева. Ол тоғыз баланың анасы. Алты баласы мектеп жасында. Көпбалалы ана бүгінгі шараға қатысқанына, балаларына мектепке қажетті форма мен аяқ-киіммен қамтамасыз еткен демеуші Р.Оспаналиеваға, акцияны ұйымдастырушыларға дән ризашылығын білдірді.

Келесі қайырымдылық акциясы Қаратау ауданындағы Абай Құнанбаев мектебінде жалғасты. Осы жолғы «Баланы мекепке даярлайық!» акциясына қалалық мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов демеушілік жасады. Халық қалаулысы ауданға қарасты 30 отбасының баласына оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмке сыйладық.

Қайырымдылық акциясы барысында партия өкілдері мен мәслихат депутаттары әр аудан бойынша өздеріне қарасты көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттармен қамтамасыз етуде. Игі бастама тамыздың айдың соңына дейін жалғасады. Жалпы партия Шымкентте мыңнан аса баланы мектепке даярлауды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қаладағы 1000 оқушыны оқу құралымен қамтамасыз еткен болатын.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті