jasqazaq.kz

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНДА 500 БАЛАҒА ОҚУ-ҚҰРАЛЫ БЕРІЛДІ

16 тамыз 2022, 20:34

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы өкілдігі мен қала әкімдігімен бірлесе «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Орталық мешітте өткен іс-шарада аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына сөмке мен мектепке қажетті оқу-құралы берілді.

Игі шараға қатысқан Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов жыл сайын өтетін бұл акцияның мақсаты — балаларға қажетті құрал-жабдықтар үлестірумен бірге, оларға мейірім мен қуаныш сыйлау екенін айтты.

–Дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын тауып жатыр. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 7 бағытта қайырымдылық бастамасын өткізіп келеді. Бүгінгі іс-шара соның бір көрінісі. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», -деп дана халқымыз айтып өткендей, өскелең ұрпақтың білімді, тәрбиелі болып өсуіне үлес қосу үшін осылай қуаныш пен шаттық сыйлағымыз келді. Жүрегінде мейрімі, иманы болған бала өскенде ата-анаға қамқор, елге адал қызмет етеді. Осы қайырымдылықты ұйымдастырған қала әкімдігі мен мешіт имамдарына және демеу көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреміз, -деді шаһардың бас муфтиі.

Орталық мешітке келіп, сөмке арқалаған балалар мен олардың ата-анасының қуанышында шек жоқ. Немересінің қуанышына серік болған 64 жастағы Жұмагүл Жакипованың айтуынша, көпбалалы отбасыға дәл қазір осындай көмек қажет-ақ.

–Өзім 8 бала өсірген көпбалалы анамын. Келінім алтын алқа ииегері. Балаларды оқу-құралдар мен киімін жеткізу машақатын жақсы білемін. Мектепке қажетті құрал үлестіру өте сауапты іс. Бүгінгі қайрымдылыққа жәрдем берген иманды азаматтарға көп рақмет. Жалғыз менің немерем емес көп бала осындай сыйлыққа ие болып отыр. Бүгінгі қайырымдылық көпбалалы отбасылар үшін дер кезінде көрсетілген көмек болды, — дейді Жұмагүл апа.

Жалпы, биыл ҚМДБ-ның өкілдігінің ұйымдастыруымен 1000 балаға мектепке қажетті құралдармен қамту жоспарланған. Бүгін 500 балаға оқу құралы салыныған сөмке берілді. Енді қалған оқушыларға әр ауданның орталық мешіттерінде үлестіріледі.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті