
Талдықорғанда 11-сынып оқушысы өз анасын өлтіргенін мойындап, түсініктеме жазды. Әйел адамның мүрдесі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден табылды. Қазір күдікті ретінде марқұмның ұлы ұсталды.
Оқиға өткен тәулікте болған. 1975 жылғы әйелдің мойын және бүйрек тұсына пышақ жарақаты салынған. Құзырлы органның мәліметінше, күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр. 2001 жылғы бала өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген. Бейресми мәлімет бойынша, 17 жастағы күдікті қаладағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқиды.