jasqazaq.kz

Мектеп директорлары мен орынбасарларының ақшасы өседі

20 ақпан 2018, 13:11

Білім және ғылым министрлігі мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын өсіруді қарастырып жатыр. Бұл туралы мәжілісте мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері талқылаған вице-министр Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмасына сәйкес, мұғалімдердің үстемеақысы өсіп отыр. Бірақ мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының еңбекақысына қатысты мәселе бар. Біз бұл мәселені аттестация арқылы шешуді жоспарлап отырмыз.
Қазір мектеп директорлары азаматтық қызметкерлер ретінде үш жылда бір рет аттестациядан өтеді. Шағын мектеп болса да, үлкен мектеп болса да, тіпті директордың жұмысының тиімділігіне де қарамастан оның жалақысы өспейді, үстемақы жоқ», — деді вице-министр.
Сондықтан, оның айтуынша, бүгінде білім министрлігі бұл сұрақты қарастырып жатыр.

«Әріптестерімізбен талқылаудамыз. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының еңбекақысын дифференциялдау мүмкіндігін қарап жатырмыз», — деді ол.

Еске сала кетсек, Елбасы биылғы жолдауында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырған болатын.

Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.

sputniknews.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды