jasqazaq.kz

Мейрамбек Беспаевқа туған күнінде жары ерекше сый жасады

11 қараша 2017, 13:16


Елдің сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың биыл сахнада өнер көрсетіп жүргеніне 30 жыл. Осыған орай әнші мерейтойлық кеш берді. Мейрамбекті қолдап, қолпаштап келген көрерменнің көптігі соншалықты, залға сыймай қалды, деп  хабарлайды stan.kz.

Концертте әнші «40 деген», «Елге сәлем», «Ұмыттым оны», «Ойлан балам» атты жаңа әндер орындап қана қоймай, оннан астам әншімен дуэтке шықты. Солардың ішінде хит әнші Қайрат Нұртаспен «Махаббат деген» әннің тұсауын кессе…

Ал бір күнде туған күндері сәйкес келген Саят Медеуовпен «Туған күн» әнін шырқады.

Қоңыр дауысымен қазақтың жүрегін жаулаған Мейрамбекті халқы еркелетіп «эстрада королі» деп атап кеткен. Алайда, мұндай атаққа әншінің құлағы да, еті де үйренбепті.

««Эстрада королі» деген әңгімені әркімге әртүрлі лақап аттар қойылады ғой, маған Мейрамбек деген ат жетеді. Бала кезімде «қара бала», «бозторғай» деуші еді. Бірақ асыра сілтеп мақтап жіберген сияқты. Бұл заманға да сай аттар табуға болады. Мен біреудің алдына шықтым, оза шаптым деп айтудан бас тартамын», – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев.

Жақында Мейрамбек 41 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өткен болатын. Туған күнінде жары ерекше сый жасады. Оны әншінің өзі инстаграм парақшасында бөлісті. Мархабат Мейрамбекке деген сезімін 50-ге бөліп хат арқылы жеткізіпті. Солардың ішінде ең ұнағаны бір сөз екен.

«Бәрі ұнады. «Мен сені сүйемін» дегені», – дейді әнші.

Осылайша, туған күнін есте қаларлықтай етіп өткізген әнші, есеп беру кешін де ұмытылмастай қылуға тырысқан. Мейрамбектің ендігі ойы «отты әндер» айту екен.

«Мен ойлаймын ортасына да жеткен жоқпын. Өзімнің арманымның. Жалпы сахнада өнер әлемінде. Бірталай қызмет жасағым келеді. Елге, жерге көңілінен шығатын әндер орындағым келеді. Тәрбиесі, мәні бар. Отты өлеңдер айтқым келеді. Лириканы, айтқым келеді, махаббатты жырлағым келеді. Мен әлі ортасына да жеткен жоқпын деп, ойлаймын», – дейді Мейрамбек Беспаев.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы