jasqazaq.kz

Мейрамбек Бесбаев журналистерге неге ренжіді?

24 қараша 2016, 18:49

Мейрамбек Бесбаев журналистер қауымына жиі сұхбат бермеуінің себебін түсіндірді. Әнші төртінші билік өкілдеріне ренішті екенін жеткізді.

mb

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Өкпе-реніш деп айтпай-ақ қояйын, бірақ өзім жыртың-жыртың етіп шыға бергенді ұнатпаймын. Кейбір журналистерге өкпем бар, әрине. Өйткені айтқан нәрсеңді бұрмалайды. Айтпаған нәрсеңді айтты деп өзінің пайдасына шешетін, өзінің образымен, өзінің ойымен мені көрсеткісі келетін бірең-сараң журналистер бар», – деп түсіндірді Бесбаев.

Есесіне әншінің сахналас-досы Сәкен Майғазиев қоғамдық өмірге белсенді түрде араласады. Әншінің айтуынша, оны «теледидардан түспейді» деп сөгетіндер көп. Алайда Майғазиев «ол мен шақырылатын бағдарламалардың жартысы ғана» дейді.

«Мен шақырылып жүрген бағдарламалардың ары кетсе 50%-на қатысып жүрген шығармын. Қаншасынан бас тартамын. Өйткені қоғамдық мәселелер болғаннан кейін, елдің алдында жүргеннен кейін ешкімнен қашатын ойым жоқ. Жүзім жарық. Маған қатысты дүниелер болса жауап беруден тайсалмаймын. Жұрт мені теледидардан түспейді деп ойлайды. Керісінше көбінен қашқақтап түскен түрім сол», – деді ол.

stan.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады