Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«17 тамыз күні тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының өтіші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты кузетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзартылды», — деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.