jasqazaq.kz

Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды

16 қазан 2025, 16:33

Медеу ауданында тұрғын үйлер мен серуендеу аймағына шығатын баспалдақтарды жаңарту жұмысы аяқталды. Бұл аудан тұрғындарының өтініші негізінде, аудан әкімдігіне келіп түскен көріктендіру ұсынысы аясында жүргізілді.

Жоба бойынша мына мекенжайларда баспалдақтар жаңартылды: Терренкур – 36 м, Тәттімбет көшесі – 34 м, Коккинаки көшесі – 36,6 м, Роза Бағланова көшесі – 39,5 м, Шухов көшесі – 104 м, әл-Фараби даңғылы мен Луганский көшесінің қиылысы – 30 м, Есентай өзенінің бойы мен Ахмедияров көшесінің бұрышы – 5 м.

Ескі, тозған құрылымдар бұзылып, іргетасы нығайтылды және сырғанамайтын жабындысы бар берік жаңа баспалдақтар орнатылды.

Медеу ауданының әкімдігі мәлімдегендей, енді бұл бағыттар тұрғындар мен қала қонақтары үшін әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз болды.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес