jasqazaq.kz

Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады

16 шiлде 2025, 10:28

Медеу ауданында жаңа оқу орындарын құрып, қолданыстағы мектептің жағдайын жақсартуды көздейтін жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин осылай деді.

Қыркүйек айына дейін Құлжа тас жолының оңтүстігінде 2 000 орындық жаңа мектептің құрылысы бітпек. Сонымен қатар, 599 орынға арналған жеке мектеп те салынып жатыр. Енді тағы екі жеке мектептің – «Думан» шағын ауданындағы 1 200 орындық, екіншісі – Халиуллин көшесіндегі 300 орынға арналған мектептің құрылысы басталады. Осылайша, келер жылдың соңына дейін ауданда жаңадан 4 099 орын пайдалануға берілмек.

Жаңа мектеппен қатар, қолданыстағы білім беру мекемелерін кеңейту жағы да қолға алынған. Жыл соңына дейін №35 мектепке (300 орын), №99 мектепке (250 орын), НИШ мектебіне (320 орын), №131 мектепке (300 орын) қосымша ғимарат салынып бітеді.

Үш оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. №33 пен №161 мектептегі жөндеу жұмысы биылғы қыркүйекте аяқталады. «Самал» шағын ауданында орналасқан №30 мектепті «Кәсіпкерлер мектебі» жобасымен біріктіріп, соның арқасында қосымша 400 оқушы орны ашылмақ. Жөндеу жұмысын 2026 жылдың қыркүйегіне дейін, білім беру жобасын биылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?