jasqazaq.kz

Мәжіліс Андрей Линниктің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

01 қыркүйек 2022, 15:56

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Андрей Линниктің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Линник міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», — деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Андрей Линник 2021 жылғы қаңтардан бастап VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті