jasqazaq.kz

Мәжіліс алдағы 3 жылдың бюджетін мақұлдады

18 қазан 2017, 15:39

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

Жалпы отырысқа Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкімет мүшелері қатысты. Жалпы отырыста Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов және Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндама жасады.

«Бүгін біз еліміздің негізгі қаржы құжаты, яғни үш жылдық бюджетті мақұлдадық. Бұл – еліміздің тұрақты даму жолында Парламенттің де, Үкіметтің де атқарып келе жатқан ең жауапты әрі маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан біз бірлесіп, Елбасының тапсырмаларын басшылыққа алып, мемлекет қаржысын тиімді пайдалануға айрықша мән беруіміз керек», – деді отырыс соңында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Ал Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2018-2020 жылдарға арналған бюджетті жобасын қабылдап, Үкіметке қолдау жасалғаны үшін Мәжіліс депутаттарына алғысын жеткізді.

«Бүгінгі мақұлданған бюджеттің жобасы негізінен экономикамыздың өсімін қамтамасыз етуге, әлеуметтік міндеттерді толығымен орындауға, негізгі бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, яғни Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да сіздермен бірлесе іс-қимылдарымызды ортақтаса отырып, жұмысымызды жалғастырамыз деп сенім білдіргім келеді», – деді Бақытжан Сағынаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Бейбіт Тоқтарбай

Астана

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті