jasqazaq.kz

Материалдық емес мәдени мұраны сақтау: өңірлермен меморандумдарға қол қойылды

20 наурыз, 17:46

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2003 жылғы ЮНЕСКО Конвенциясы аясында жергілікті қауымдастықтардың материалдық емес мәдени мұрасын (МЕММ) қорғау бойынша ауқымды жобаларды іске асыруда.

Бұл –  Қазақстанның ұлттық бірегейлігінің маңызды бөлігі саналатын мәдени дәстүрлер мен тәжірибелерді одан әрі сақтау үшін стратегиялық тұрғыда қажет жоба.

Осы бастама аясында министрлік ЮНЕСКО-ның техникалық грантын іске асыру үшін Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстарының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл әріптестік аймақтық деңгейде материалдық емес мәдени мұраны жүйелі түрде сақтау мен дамыту үшін маңызды.

Жобаның негізгі міндеттері – материалдық емес мәдени мұра элементтерін қорғау, дамыту және жан-жақты насихаттауға арналған тиімді өңірлік механизмдер құру. Сондай-ақ облыстық және аудандық деңгейдегі мамандар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жергілікті қауымдастық өкілдері үшін оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу жоспарланған. Оқу барысында МЕММ элементтерін түгендеу мен құжаттаудың әдістерін меңгеру, сондай-ақ дәстүрлер мен мәдениетті ұстанатын азаматтармен байланыс орнату мәселелеріне назар аударылады.

Бұдан бөлек, материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындауда консультативтік қолдау көрсету, жергілікті МЕММ элементтерін Ұлттық тізімге енгізу бойынша көмек көрсету және барлық талаптар орындалған жағдайда оларды ЮНЕСКО тізіміне қосу шаралары қарастырылған. Бұл Қазақстанның мәдени дәстүрлерін халықаралық деңгейде қорғау әрі мойындау мүмкіндіктерін арттырады.

Жалпы, жобаны жүзеге асыру бұл саладағы мамандардың біліктілігін арттырып қана қоймай, материалдық емес мәдени мұраны болашақ ұрпаққа сақтап, жеткізудің тиімді жүйесін құруға жағдай жасайды.

Осы бағыттағы жұмыстар тек Қазақстан мәдениетіндегі элементтерді сақтауға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік бірлікті нығайтуға,

мәдениетпен толық танысуға және жергілікті қауымдастықтардың тұрақты дамуына ықпал етеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр