Масты сау деген наркологтар сотталды

17 шiлде 2023, 16:44

Медициналық куәландыру нәтижелерін өзгерткен Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты.
«Айыпталушы М. өзінің қарамағындағы С., М-те және Х-ның баяндамасынан Ш-ның көлік құралын басқару кезінде мас күйінде болғанын және оны әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз босату мақсатында С. және М-те наркологтарына куәландыру нәтижелерін өзгертуді тапсырғаны» жазылған
сот материалында.
Айыпталушылар сотта өз кінәсін толық мойындаған.
«Сот айыпталушы М-ға Қылмыстық кодекстің 58-бабының 2-бөлімін қолдана отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу арқылы белгілі бір лауазымдарды иелену және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру жазасын тағайындады. С. және Х-ға қатысты жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 6 айға, ал М-те 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — делінген сот үкімінде.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды