Жедел қызметкерлер Мәскеудегі Жапония елшілігі ғимаратындағы жарылыс қаупі туралы анонимді хабарламаны тексеріп жатыр.
Бұл жайлы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «Кинологтар Грохольский көшесі, 27 мекенжайындағы жарылыс қаупі туралы хабарламаны тексеріп жатыр», — деді агенттікке сұхбат беруші.