jasqazaq.kz

Мәскеуде Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды

16 маусым 2018, 14:21

Мәскеуде Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Мәскеудің Пресненск аудандық сотының баспсөз хатшысы Алексей Черников мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мәскеудің Пресненск аудандық соты Ертаевтың үй қамағын 8 қарашаға дейін ұзартты», — дейді Черников. Еске салайық, 2018 жылы мамырда қазақстандық банкир және кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей астанасындағы «Москва-Сити» бизнес орталығының маңында ұсталған болатын. 11 мамырда Пресненск аудандық соты оны үй қамағына алу туралы шешім шығарған. 13 маусымда Мәскеу прокуроры Ертаевты тергеу абақтысына қамауды және ары қарай Қазақстанға қайтаруды талап еткен. Алайда сот Ертаевты үй қамағында қалдырды. Ал Қазақстанның ІІМ өкілдері «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ертаев 80 миллион долларды жалған ЖШС арқылы несие түрінде шығарған және ол қаржыны қайтармау әрекеттерін жасағанын айтады. Ертаевқа қатысты ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралып жатыр.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды