jasqazaq.kz

Мәскеуде такси көлігін айдап әкеткен қазақстандық блогерлер жауапқа тартылды

26 қараша 2021, 12:06

Мәскеудегі Преснен соты блогерлер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов, Ерсін Дүмшебайды 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

«Сот шешімімен айыпталушылар 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айырылды және сот залында қамауға алынды», – делінген Мәскеу прокуратурасының хабарламасында.

Оқиға наурыз айында болған. Үш блогер Преснен жағалауына бизнес-класс такси шақырып, пранк жасамақшы болған. BMW жүргізушісі жолаушылардың өтінішімен заттарды жүксалғышқа салып жатқанда, блогерлердің біреуі рөлге отырып, көлікті ұрлап кеткен. Олар мұның барлығын видеоға түсіріп алған.

Кейінірек кінәлілер жүргізушіге келіп, жағдайды түсіндірген. Алайда полицияда көлік ұрлау бабымен қылмыстық іс қозғалып, жас жігіттер қамауға алынған еді.

Stan.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды