jasqazaq.kz

Мәскеу соты Жомарт Ертаевты босату туралы шағымды қарастырады

13 маусым 2018, 10:37

Мәскеу қалалық соты сәрсенбі күні Қазақстан халықаралық іздеу жариялап, Ресейде ұсталған «Bank RBK» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты қамауға алуға қарсы шағымды қарастырады.

Сот отырысы Мәскеу уақыты бойынша 14:50-де (17:50 аст), деп хабарлады сот РИА Новости агенттігіне.

Мәскеу соты 11 мамырда кәсіпкерді тергеу абақтысына қамауға алудан бас тартып, Мәскеудегі пәтеріне үй қамаққа жіберген еді.

Ертаевтың қорғаушылары оны қамауға алмауды өтініп, кәсіпкердің Ресейдегі босқын статусын алуға арыз жазғанын, өйткені Қазақстанда қастандық жасала ма деп қорқатынын хабарлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары Асхат Жұмағалиев бұдан бұрын айтқандай, Ертаев РБК банкінен ақшалай қаражат қымқырды деген күдікке ілінген және оған қатысты қазақстандық тарап Ресей құқық қорғау органдарымен бірге экстрадиция мәселесімен айналысып жатыр.

Ертаевқа қатысты іс биыл наурызда ҚР ҚК 177-бабы 4-тармағы (алаяқтық) бойынша қозғалды, бір аптадан кейін кәсіпкерге халықаралық іздеу жарияланған. Бұл бап бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ресей құқық қорғау органдары Ертаевты 8 мамырда «Москва-Сити» бизнес орталығы жанынан ұстады.

sputniknews.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды